2026 жылдың I жартыжылдығында Астана қаласы әкімдігінің «№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» травматологиялық пунктіне жарақаттар мен басқа да зақымданулар бойынша 54 561 бала жүгінді.
Астана қаласы әкімдігінің №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының деректеріне сәйкес, балалардың терезеден құлау мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр және ата-аналардың, медицина қызметкерлерінің, білім беру ұйымдарының және қоғамның ерекше назарын талап етеді.
Балалардағы ортопедиялық патологияны емдеу кешенді тәсілді талап етеді. Қажет болған жағдайда бала балалар неврологының, емдік дене шынықтыру (ЛФК) нұсқаушысының, реабилитологтың және басқа да бейінді мамандардың қатысуымен кешенді ем мен оңалтудан өтеді.