Мерекелік жиын барысында денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып, өз ісіне адалдық пен жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп жүрген бірқатар қызметкер лайықты марапаттарға ие болды.
Бұл — күнделікті еңбегімен балалардың денсаулығын қорғауға үлес қосып жүрген ақ халатты абзал жандарға көрсетілген құрмет пен еңбегіне берілген баға.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
Республика күні — елдігіміздің айғағы, бірлігіміздің нышаны, тәуелсіздігіміздің тұғыры.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге жарқын болашақ тілейміз!