2026 жылғы 27 қаңтардағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулының негізінде балалар стационарларына жоспарлы түрде жатқызу тек қызылшаға қарсы вакцинациясы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Жоспарлы госпитализация кезінде операциялық ем жүргізу үшін қажетті құжаттар тізімі
Балалар үшін, КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР:
- Жалпы практика дәрігерінің немесе учаскелік педиатрдың соматикалық жағдайы мен эпидемиологиялық ортасы туралы анықтамасы (3–5 күн).
- Қанның жалпы талдауы (эритроциттер, гемоглобин, гематокрит, лейкоциттер формуласы, тромбоциттер, қан ұю уақыты, қан кету ұзақтығы, эритроциттердің шөгу жылдамдығы) – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Коагулограмма (протромбиндік индекс, активтендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт, фибриноген) – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Зәрдің жалпы талдауы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Қанның биохимиялық талдауы (қан плазмасындағы электролиттер: калий, натрий, билирубин, глюкоза, жалпы белок, белоктық фракциялар, мочевина, креатинин, АлАТ, АсАТ) – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Электрокардиограмма (ЭКГ) нәтижелерді түсіндірумен – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Кардиологтың анестезиологиялық көмек көрсетуге қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы анықтамасы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Қан тобы және резус-фактор.
- Қанның В және С гепатитіне, АИТВ-ға маркерлерге талдауы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Нәжісті гельминт жұмыртқаларына талдау – жарамдылық мерзімі 1 ай.
- «Д» есепте тұрған балалар үшін – бейінді мамандардан анықтама.
- Баланың даму тарихынан үзінді (024/у нысаны).
- Госпитализация коды көрсетілген жолдама (001-3/у нысаны).
Күндізгі стационарға соматикалық профиль бойынша (консервативті емге) жатқызу үшін талдаулар тізімі:
- Қанның жалпы кеңейтілген талдауы (қан ұю уақыты, қан кету ұзақтығы көрсетіледі) – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Зәрдің жалпы талдауы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Нәжісті гельминт жұмыртқаларына және қырындыға талдау – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Учаскелік педиатрдың баланың соматикалық жағдайы мен эпидемиологиялық ортасы туралы анықтамасы – жарамдылық мерзімі 3 күн.
Күндізгі стационарға жергілікті анестезиямен операциялық араласу үшін талдаулар тізімі:
- Қанның жалпы кеңейтілген талдауы (қан ұю уақыты, қан кету ұзақтығы көрсетіледі) – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Зәрдің жалпы талдауы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Нәжісті гельминт жұмыртқаларына және қырындыға талдау – жарамдылық мерзімі 10 күн.
Учаскелік педиатрдың баланың соматикалық жағдайы мен эпидемиологиялық ортасы туралы анықтамасы – жарамдылық мерзімі 3 күн.
Күндізгі стационарға жалпы наркозбен операциялық араласу үшін талдаулар тізімі:
- Қанның жалпы кеңейтілген талдауы (қан ұю уақыты, қан кету ұзақтығы көрсетіледі) – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Зәрдің жалпы талдауы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Нәжісті гельминт жұмыртқаларына және қырындыға талдау – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Қанның биохимиялық талдауы (қан плазмасындағы электролиттер: калий, натрий, билирубин, глюкоза, жалпы белок, белоктық фракциялар, мочевина, креатинин, АлАТ, АсАТ) – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Қан тобы және резус-фактор.
- Электрокардиограмма (ЭКГ) нәтижелерді түсіндірумен – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Кардиологтың анықтамасы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Учаскелік педиатрдың баланың соматикалық жағдайы мен эпидемиологиялық ортасы туралы анықтамасы – жарамдылық мерзімі 3 күн.
- «Д» есепте тұрған немесе бейінді мамандардың бақылауында болатын балалар үшін – қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы бейінді мамандардың анықтамасы (жарамдылық мерзімі 10 күн).
Күндізгі стационарға ЛОР-органдарда жалпы наркозбен операциялық араласу үшін талдаулар тізімі:
- Қанның жалпы талдауы (эритроциттер, гемоглобин, гематокрит, лейкоциттер формуласы, тромбоциттер, қан ұю уақыты, қан кету ұзақтығы, эритроциттердің шөгу жылдамдығы) – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Коагулограмма – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Зәрдің жалпы талдауы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Нәжісті гельминт жұмыртқаларына және қырындыға талдау – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Қанның биохимиялық талдауы (жалпы белок, жалпы билирубин, АСТ, АЛТ, мочевина, креатинин, глюкоза, электролиттер).
- Қан тобы және резус-фактор.
- АИТВ-ға ИФА талдауы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- В және С гепатитіне ИФА талдауы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Патогенді флораға нәжіс талдауы (2 жасқа дейінгі балаларға).
- Жұтқыншақ және мұрыннан BL-ға жұғынды талдауы.
- Электрокардиограмма (ЭКГ) нәтижелерді түсіндірумен.
- Кардиологтың анықтамасы – жарамдылық мерзімі 10 күн.
- Учаскелік педиатрдың баланың соматикалық жағдайы мен эпидемиологиялық ортасы туралы анықтамасы – жарамдылық мерзімі 3 күн.
- «Д» есепте тұрған немесе бейінді мамандардың бақылауында болатын балалар үшін – қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы бейінді мамандардың анықтамасы (жарамдылық мерзімі 10 күн).
- Стоматологтың ауыз қуысының санациясы туралы анықтамасы.
Наркоз алдындағы қосымша талаптар
Құрметті ата-аналар!
Анестезия жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерді азайту мақсатында келесі талаптарға назар аударуыңызды сұраймыз:
- Баланың тырнақтары гельді жабынсыз және лаксыз болуы тиіс.
Бұл өмірлік көрсеткіштерді бақылау датчиктерін дұрыс орнату үшін қажет.
- Жасанды кірпіктерге жол берілмейді.
Жасанды кірпіктер наркоз кезінде көз күтіміне кедергі келтіріп, конъюнктивиттің даму қаупін арттыруы мүмкін.
Аталған талаптарды сақтау міндетті болып табылады және стационарға жатқызуға дайындық барысында ескерілуі тиіс.