ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауруханамызда екі күндік мастер-класс аясында 11 жастағы балаға күрделі хирургиялық ота сәтті жүргізілді.

Науқастың диагнозы: ДЦП аясындағы спастикалық паралич, оң жақ сан сүйегі басының патологиялық шығуы.

Ота Астана қаласындағы №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының ортопедия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Чикинаев Агабек Алибековичтің қатысуымен жасалды.

Қазіргі уақытта бала реанимация бөлімінде, дәрігерлердің бақылауында.

Бұл – ауруханамыз үшін маңызды қадам әрі балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру жолындағы үлкен жетістік.

Балақайдың тезірек сауығып, денсаулығының жақсаруына тілектеспіз!

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.