ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 5 тамызда Астана қаласы әкімдігінің №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» атты байқау өтті.

Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және қызметкерлердің рухани-мәдени дамуына ықпал ету.

Байқауға аурухана қызметкерлері белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау екі номинация бойынша ұйымдастырылды: «Абайдың шығармаларын ең үздік оқу» және «Абайдың әндерін ең үздік орындаушы».

Байқау қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпаздары анықталып, марапатталды.

Осындай мәдени іс-шаралар ұлы ойшылдың мол мұрасын кеңінен насихаттауға, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге және ұжымдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.