ЖАҢАЛЫҚТАР

№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Оразкүл Асанғазы «Тіл құбылысының ұлттық мазмұны мен мемлекеттік мәртебесі» тақырыбында дәріс оқып, тілдің ұлттық сана мен қоғамдық өмірдегі орнына тоқталды.

Сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, оның қолданыс аясын кеңейту және әр азаматтың тіл мәдениетіне жауапкершілікпен қарауы жөнінде өзекті ойларымен бөлісті.

Кездесу аурухана ұжымына ана тіліміздің қадірін тереңірек түсініп, мемлекеттік тілдің қолданысына өз үлесін қосу қажеттігін сезінуге мүмкіндік берді.

Ұжым атынан Оразкүл Асанғазына мазмұнды дәрісі және тағылымды әңгімесі үшін алғыс білдіреміз!

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.