ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қалалық балалар ауруханасында Астана қаласындағы №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының ортопедия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Чикинаев Агабек Алибековичтің қатысуымен өткен екі күндік мастер-класс өз мәресіне жетті.

Қорытынды жиында мастер-класс барысында жинақталған тәжірибелер талқыланып, заманауи емдеу тәсілдері мен тәжірибелік дағдылар жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, алдағы кәсіби қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, өзге аудан-қалалардан келген травматолог дәрігерлерге мастер-классқа қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Осындай кәсіби кездесулер дәрігерлердің біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға және балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға зор мүмкіндік береді.

Ортақ мақсатымыз – балалардың саулығы мен жарқын болашағы!

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.