Астанада медициналық көмекті тұрғындар үшін қолжетімді етуге бағытталған жаңа нысандар салынуда. Жалпы денсаулық сақтау саласында 10 жаңа нысанды іске асыру жоспарланған.
Олардың қатарында:
• екі жаңа перинаталдық орталық;
• №2 қалалық көпбейінді аурухананың қабылдау-диагностикалық кешені;
• №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының жаңа қосымша ғимараты;
• медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана.
Жаңа нысандар медициналық ұйымдардың мүмкіндігін арттырып, медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға және пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.