Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты жобасының жария талқылауы өткізілетіні туралы хабарлайды.
Ашықтықты, айқындықты қамтамасыз ету, сондай-ақ Кәсіпорын қызметкерлері мен жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасы жария талқылауға шығарылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулер 2026 жылғы 28 тамызды қоса алғанда қабылданады.
Келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицермен қаралады және негізді ұсыныстар болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасын пысықтау кезінде ескеріледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасы қоса беріледі.