2026 жылғы 1 қаңтардан 10 тамызға дейін Астана қаласының медициналық ұйымдарына биіктіктен құлау салдарынан жарақат алған 151 адам жеткізілді, олардың 65-і балалар.
Осы кезеңде биіктіктен құлау салдарынан 24 адам қаза тапты, олардың 15-і балалар.
1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар өте осал. Жас ерекшеліктеріне байланысты олар қауіп-қатерді толық бағалай алмайды және ересектердің тұрақты бақылауын қажет етеді.
Терезеден құлаудың алдын алуға болады. Баланы қараусыз қалдырмаңыз, терезе жанына жиһаз қоймаңыз және міндетті түрде терезе ашылуын шектейтін немесе бұғаттайтын құрылғыларды орнатыңыз.
Қайғылы жағдайды күтпеңіз.
Баланың қауіпсіздігі ересектердің назарынан басталады. Балаларыңызды қорғаңыз.