Оқу жылына дайындық — мектеп формасы мен оқу құралдарын дайындаумен ғана шектелмейді. Баланың денсаулығына алдын ала көңіл бөлу де маңызды.
Профилактикалық тексеруден өту, көру қабілетін тексеру, жасына сай әрі ыңғайлы сөмке мен аяқ киім таңдау, дұрыс тамақтану және ұйқы режимін сақтау — баланың мектепке жақсы бейімделуіне ықпал етеді.