№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар секторының меңгерушісі, техникалық және өрт қауіпсіздігі инженерлерінің қатысуымен кезекші мейіргерлерге қауіпсіздік кодтары бойынша кезектен тыс нұсқаулық өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету алгоритмдерін меңгеруін жетілдіру және қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін арттыру.
Нұсқаулық барысында мейіргерлерге 8 қауіпсіздік кодының мағынасы мен оларды жұмыс барысында дұрыс қолдану тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар туындаған кезде медицина қызметкерлерінің іс-қимылдарына қатысты сұрақтар қойылып, олардың білімі тексерілді.
Қауіпсіздік талаптарын жетік білу – шұғыл жағдайда дұрыс шешім қабылдап, пациенттер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты.