«Әділет» партиясының кандидаттары №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының ұжымымен кездесті. Аурухананы жаңғырту, жаңа медициналық нысандар салу және қала шетіндегі тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі талқыланды.
Кездесуге партиялық тізім бойынша кандидаттар Салтанат Дженалаева, Табиғат Зейнұлқабден және №5 округ бойынша кандидат Азамат Айтхожин қатысты.
Партия бағдарламасында:
— №2 балалар ауруханасын қайта жаңғырту;
— медиктерге 300 бөлмелі жатақхана салу;
— 1 800 жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген.
Табиғат Зейнұлқабден Алматы ауданында 250 орындық перинаталдық орталық, Сарыарқа ауданында 200 орындық акушерлік блок, ал Алматы, Сарайшық және Нұра аудандарында мемлекеттік емханалар салынатынын айтты. Ол ауруханаға жабдық алуға қолдау көрсетуге дайын екенін де жеткізді.
Азамат Айтхожин дәрігерлерге алғыс айтып, қала шетінде жылы аялдамалардың жетіспейтінін атап өтті. Оның пікірінше, аурухана, емхана мен мектептердің жанына жылы аялдамалар, ал мектеп пен балабақша маңына өткелдер мен бағдаршамдар қажет.