ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында 2 жас 9 айлық қыз балаға күрделі реконструктивтік ота жасалды.

Хирургиялық араласу Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы @qkba2_plan жоспарлы түрде жүргізілді.

Ота өңештің тұтастығы мен қызметін қалпына келтіруге бағытталды. Мұндай күрделі хирургиялық араласулар жоғары кәсібилікті, мол тәжірибені және медицина мамандарының үйлесімді жұмысын талап етеді.

Операцияны Азамат Жанабылович пен емдеуші дәрігер Яна Викторовна жүргізді.

Кішкентай пациентіміз үшін бұл — маңызды қадам. Дәрігерлердің басты мақсаты — әрбір баланың денсаулығын жақсартып, бақытты балалық шағына жол ашу.

Кішкентай пациентімізге мықты денсаулық, сәтті оңалту кезеңін және жарқын болашақ тілейміз!

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.