Түркістан қалалық балалар ауруханасында өткен екі күндік кәсіби мастер-класс қорытындыланды. Қорытынды жиында қатысушыларға сертификаттар табысталып, алғыс сөздер айтылды.
Түркістан қалалық балалар ауруханасында өтіп жатқан мастер-класс аясында Астана қаласындағы №2 балалар ауруханасының жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Оразалинов Азамат Жанабылович аноректальды мальформацияға байланысты үшінші кезеңдік отаны сәтті орындады.
Түркістан қалалық балалар ауруханасында өткен мастер-класс аясында Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Дүйсенбаев Арслан Алжабергенович күрделі ота жасады.