Республика күні қарсаңында №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Марапат иелеріне «AMANAT» партиясынан, «Ақниет» кәсіподағынан және аурухана директорының атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
Бұл марапаттар – адал еңбек пен кәсіби жауапкершіліктің айғағы. Барлық әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз елене берсін, жетістіктеріңіз көбейе берсін!
Бүгін, 25 қазан – Республика күніне орай, «AMANAT» партиясының даму бағытын қолдап, бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыру ісіне белсенді қатысқаным, сондай-ақ елдің өркендеуіне, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұғырының нығаюына қосқан үлесім үшін «AMANAT» партиясының Төрағасы Е. Қошановтың атынан Құрмет грамотасымен марапатталдым!
Бұл марапат – ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Бірлігіміз бен тұтастығымызды нығайта берейік!
Сенат – университеттің академиялық және ғылыми қызметіндегі негізгі мәселелерді қарастыратын алқалық кеңесші орган. Отырыс барысында Сенаттың төрағасы, хатшысы және өзге де мүшелері сайланып, алдағы жұмыс бағыттары талқыланды.
№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы университеттің клиникалық базасы болып табылады. Біздің базада университеттің кафедралары орналасқан, резиденттер тәжірибеден өтеді.