Түркістан қалалық балалар ауруханасында тәжірибе алмасу және кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған мастер-класс аясында Астана қаласындағы №2 көпбейінді балалар ауруханасының бас урологы Кәлімқұлов Әлімжан Мейрамбекұлы крипторхизм диагнозы қойылған балаға хирургиялық ота жасады.
Ота сәтті өтті. Бұл — тәжірибе алмасудың, заманауи медициналық әдістерді меңгерудің және балалар денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі.
Әрбір сәтті ота — бала денсаулығы үшін жасалған маңызды қадам!