Түркістан қалалық балалар ауруханасында өткен мастер-класс аясында Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Дүйсенбаев Арслан Алжабергенович күрделі ота жасады.
Ота барысында асықты жіліктің төменгі бөлігіндегі ескі сынық ашық әдіспен орнына келтіріліп, металл конструкциялардың көмегімен бекітілді (металлоостеосинтез).
Мастер-класс барысында тәжірибе алмасып, заманауи хирургиялық әдістерді меңгеру арқылы балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ерекше мән берілді.
Осындай кәсіби кездесулер медициналық мекемелер арасындағы байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға жол ашады!