Түркістан қалалық балалар ауруханасында өтіп жатқан мастер-класс аясында Астана қаласындағы №2 балалар ауруханасының жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Оразалинов Азамат Жанабылович аноректальды мальформацияға байланысты үшінші кезеңдік отаны сәтті орындады.
Күрделі хирургиялық араласу балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға және дәрігерлер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Осындай кәсіби кездесулер медициналық мекемелер арасындағы байланысты нығайтып, тәжірибе мен білімді бөлісуге жол ашады.
Басты мақсатымыз – балалардың денсаулығын сақтау және сапалы медициналық көмек көрсету!