Түркістан қалалық балалар ауруханасында өткен екі күндік кәсіби мастер-класс қорытындыланды. Қорытынды жиында қатысушыларға сертификаттар табысталып, алғыс сөздер айтылды.
Сонымен қатар, танымдық лекциялар оқылып, атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалды.
Мастер-класс тәжірибе алмасуға, кәсіби білімді жетілдіруге және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.
Астана қаласындағы аурухана мен Түркістан қалалық балалар ауруханасы арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз!