ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін біздің ауруханада нейрохирургия бағыты бойынша мастер-класс өтті. Кездесу тақырыбы – «Фармакорезистентті эпилепсия кезінде кезбе нервті стимуляциялау» болды.

Бұл — дәстүрлі дәрі-дәрмекпен емдеу нәтиже бермеген жағдайда қолданылатын нейрохирургияның заманауи бағыты. Кезбе нервтің тұрақты стимуляциясы эпилепсиялық ұстамалардың жиілігін азайтып, пациенттердің өмір сапасын жақсартады және олардың белсенді, толыққанды өмір сүруіне үміт сыйлайды.

Мастер-класс барысында дәрігерлер бұл технологияны енгізудің заманауи әдістерін, операцияның ерекшеліктерін талқылап, тәжірибелерімен және практикалық нәтижелерімен бөлісті. Мұндай іс-шаралар біздің мамандарға кәсіби шеберліктерін жетілдіруге және озық емдеу әдістерін клиникалық тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.

Біз бүгін алынған білім мен тәжірибе нейрохирургияның дамуына өз үлесін қосып, пациенттерімізге нақты пайда әкелетініне сенеміз.

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.