Бүгін біздің ауруханада Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру жөнінде семинар өтті.
Кездесуде басты тақырып ретінде медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру мен уәждемесін көтеру мәселелері қарастырылды.
Біздің басты міндетіміз – балалардың денсаулығын қорғау. Бұл істегі жетістік дәрігерлеріміздің біліміне, тәжірибесіне және кәсіби ынтасына тікелей байланысты.