Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесі толық цифрлық трансформацияға қарай нық қадам басуда.
Электрондық денсаулық паспорты барлық негізгі цифрлық қызметтерді біріктіріп, дәрігерлерге, пациенттерге және мемлекеттік құрылымдарға деректермен тиімді алмасуға мүмкіндік береді.
Бүгін қала әкімінің орынбасары Ерік Серікұлының төрағалығымен өткен медициналық қауымдастықпен кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы цифрлық шешімдердің дамуы мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды.
Технологиялар емдеуді дәлірек, дәрігерлердің жұмысын жеңіл әрі тиімді, ал медициналық көмекті баршаға қолжетімді етуде.