ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті!

Қатысушыларды құттықтап, ыстық ықыласын білдірген – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Маулен Сағатханұлы Әшімбаев. Сондай-ақ салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Ғалымқызы Балаева қатысты.

Байқау – отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі әулеттердің еңбегін бағалауға және олардың үлгісін көпшілікке насихаттауға бағытталған. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен марапаттар табысталды.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі ретінде мен де осы ерекше, отбасына – сүйіспеншілік пен бірліктің символына арналған іс-шараға қатысу мәртебесіне ие болдым.

Мұндай игі бастамалар – мықты отбасы бақытты қоғамның тірегі екенін тағы бір дәлелдейді!

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.