Түркістан қалалық балалар ауруханасында тәжірибе алмасу және кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған мастер-класс аясында бас хирург, отоларинголог Абилев Арман Амангельдинович науқасқа мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнауларына хирургиялық ота жасады.
Ота сәтті өтті. Бұл — заманауи медициналық әдістерді тәжірибеде қолданудың, кәсіби тәжірибе алмасудың және науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетудің маңызды нәтижесі.
Әрбір сәтті ота — науқастың денсаулығын жақсартуға жасалған маңызды қадам!