Сіздерге адал еңбектеріңіз, қамқорлықтарыңыз, мейірімдеріңіз және мамандыққа деген жауапкершіліктеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Күн сайын балалардың саулығы үшін аянбай еңбек етіп, ата-аналардың сеніміне ие болып келесіздер!
«Хабар» телеарнасындағы «Балам үшін» бағдарламасының кезекті шығарылымы балалар ортопедиясына арналады.
Кішкентай бүлдіршіннің тұсауын бөлім меңгерушісі кесіп, ақ жол тіледі. Бұл – тек дәстүр ғана емес, балаға деген ақ ниет пен жарқын болашаққа деген сенімнің белгісі.