Балалардың денсаулығына көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін elorda.maslihat healthcare.gov.kz astana_akimdigi_akimat_astana, _basqarmasy алғысымызды білдіреміз!
Біздің балалар емханасына заманауи PRK-7000 авторефкератометрі жеткізілді. Бұл құрылғы кішкентай пациенттердің көру қабілетін неғұрлым дәл әрі жылдам диагностикалауға мүмкіндік береді.
Жаңа медициналық жабдық офтальмологиялық көмектің сапасын арттырып, балалар арасындағы көру бұзылыстарын ерте кезеңде анықтауға және уақытылы ем жүргізуге жағдай жасайды.
Жаңа аппаратта тексеруден өту дәрігердің жолдамасы бойынша msqory_astana МӘМС және ТМККК аясында қолжетімді.
Балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту жолындағы қолдауларыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз!
Бірлесе отырып, пациенттеріміз үшін қолайлы жағдай жасап, денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлесімізді қосудамыз!