4–5 шілде аралығында Шымкент қаласында қабылдау өткіздім. Осы екі күнде әртүрлі ақауы бар шамамен 80 баланы қабылдадым.
Әрине, балаларымыз үшін жаным ауырады. Неге? Өйткені олар — біздің Мемлекетіміздің болашағы әрі текті азаматы.
Әрбір бала толыққанды өмір сүруге лайық. Сондықтан біз алдағы уақытта да балаларға бейімделуге, дамуға және сенімді түрде алға қадам басуға көмектесу үшін барымызды саламыз.
Барлық ата-аналарға сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Бірге біз көп нәрсеге қол жеткізе аламыз.