ЖАҢАЛЫҚТАР

 

2026 жылы Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Кәсіпорын қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы Кәсіпорын қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізу жоспарлануда.

         Іс-шара барысында:

  • жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері;
  • анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың туындауына ықпал ететін себептер;
  • анықталған тәуекелдерді жою және Кәсіпорынның ішкі процестерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар ұсынылады.

         Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстарды жария талқылау өткізілгенге дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына немесе 8-701-216-64-94 байланыс телефоны арқылы жолдауға, сондай-ақ жария талқылау барысында тікелей білдіруге болады.

         Барлық ниет білдірушілерді 2026 жылғы 7 шілде күні сағат 15:00-де өтетін жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

         Өтетін орны: Астана қаласы, Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 64, конференц-зал.

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.