Құлақ ауруларын емдеудің екі негізгі тәсілі бар: дәрі-дәрмекпен емдеу және хирургиялық ем.
Қабыну және жұқпалы аурулар көбіне дәрі-дәрмекпен емделеді. Ал есту қабілетін дәрімен қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда хирургиялық ем қолданылады.
Ең күрделі жоғары технологиялық операциялардың бірі – кохлеарлық имплантация. Бұл операция ауыр есту қабілеті бұзылған науқастардың қайта естуіне мүмкіндік береді.
Кохлеарлық имплантация медициналық көрсетілімдер бойынша МӘМС және ТМККК аясында жүргізіледі.