Алайда дыбыстарды ажыратып, сөйлеуді түсінуі және тілінің дамуы үшін жүйелі оңалту шаралары қажет. Бұл үдерісте сурдологтың, ата-ананың және баланың бірлескен еңбегі шешуші рөл атқарады.
Операциядан кейінгі оңалтудың маңыздылығы мен негізгі кезеңдері туралы клиниканың сурдолог дәрігері баяндады.
Есту қабілетінің бұзылысы әрдайым бірден байқала бермейді. Кейбір жағдайларда ол тез үдеп, ауыр дәрежеге (IV деңгейге дейін) жетуі мүмкін. Сондықтан уақытылы диагностика – есту қабілетін сақтаудың ең тиімді жолы.
Егер балаға кохлеарлық имплантация жасалса, имплант орналасқан аймақты жарақаттан қорғап, дәрігердің барлық ұсынымдарын сақтау қажет.
Құлақ ауруларын емдеудің екі негізгі тәсілі бар: дәрі-дәрмекпен емдеу және хирургиялық ем.
Қабыну және жұқпалы аурулар көбіне дәрі-дәрмекпен емделеді. Ал есту қабілетін дәрімен қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда хирургиялық ем қолданылады.