ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың I жартыжылдығында Астана қаласы әкімдігінің «№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» травматологиялық пунктіне жарақаттар мен басқа да зақымданулар бойынша 54 561 бала жүгінді.

2025 жылы травматологиялық пунктке 112 775 бала жүгінген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,9%-ға жоғары (97 333 жүгіну).

Жүгінулерді талдау нәтижесі бойынша балалар жарақатының құрылымы тұрақты күйінде қалып отыр: негізгі үлесті тұрмыстық және көшедегі жарақаттар құрайды.

Травматологиялық пункт мамандары балаларға әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттар кезінде ТМККК және МӘМС шеңберінде тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Ата-аналарға үйде, көшеде және спортпен шұғылдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске саламыз. Жарақат алған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажет.

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.