Травматологиялық пункт пен қабылдау бөлімінде балаларға медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қажетті тексерулер кешені жүргізіледі, оның ішінде клиникалық және бактериологиялық зертханалық зерттеулер жасалады.
Бұл дәрігерлерге диагнозды жедел анықтауға, емдеу тактикасын белгілеуге және медициналық көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.
Барлық қажетті медициналық қызметтер мен тексерулер ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін көрсетіледі.