ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау саласының негізі – күн сайын халықтың саулығы үшін еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлері. Сондықтан саланың болашағына қатысты кез келген бастаманы талқылауда дәрігерлер мен медицина мамандарының пікірі ерекше маңызды.

Бүгін «Әділет» партиясының өкілдері City Clinic ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында медицина қауымын толғандырып жүрген өзекті мәселелер мен денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар талқыланды.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде клиника қызметкерлері өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтарды ортаға салды. Сондай-ақ медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарын жеткізді.

Әңгіме барысында алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту және тұрғындарға заманауи медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

Партия өкілдері қатысушыларды денсаулық сақтау саласына арналған сайлауалды бағдарламаның негізгі бастамаларымен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.