ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Бізге арнайы құттықтау сөздерімен «Amanat» партиясының және Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері келіп, құрмет көрсетті.

Аса құрметті әріптестеріміздің жанқиярлық еңбегі, кәсібилігі мен адам өмірін сақтауға арналған адалдығы үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Көрсетілген ықылас пен жылы лебіздеріңізге үлкен рахмет!

Сіздерді Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз — бұл жоғары кәсібилік пен адамгершілік үлгісі.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығы, қажымас қайрат пен еңбекте табыс тілейміз!

Комбустиолог-дәрігерлеріміз – еліміздегі аса тапшы әрі өте қажет мамандардың бірі. Сіздер күн сайын күйік шалған балалардың өмірі үшін күресіп, үміт отын жағасыздар. Қиын сәтте – сенімді тірек, ауыр жағдайларда – үміт пен қолдау бола білесіздер.

Қолдарыңыз – алтын, еңбектеріңіз – баға жетпес. Жүректеріңіз – мейірім мен нұрға толы.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.