ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да мәслихат депутаттарының және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тулеуова Айнұр Сәкенқызының жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында депутаттар аурухананың материалдық-техникалық базасымен, бөлімшелердің жарақтандырылу деңгейімен, медициналық персоналдың жұмыс жағдайымен және науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасымен танысты. Бөлімше меңгерушілері бөлімшелердің қазіргі жағдайы туралы объективті ақпаратты ұсынды, сондай-ақ жұмысты жетілдіру бағыттары мен мәселелерді айтты, олардың жүзеге асырылуы мекеменің қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Талқылау іскерлік және конструктивті жағдайда өтті және аурухананы одан әрі дамытуға бағытталды.

Басым бағыттар ретінде төмендегілер белгіленді:

- медициналық жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңарту және модернизациялау;

- инженерлік және коммуналдық жүйелерді дамыту және жетілдіру;

- жөндеу жұмыстарын жүргізу. 

Жұмыс сапары депутаттарға мекеменің қазіргі қызметімен толық танысуға мүмкіндік берді және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және персонал үшін заманауи жұмыс жағдайларын жасауға бағытталған шараларды бірлесіп талқылауға мүмкіндік берді.

Референдум алдында аурухана қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ұсынылған шараларды іске асыру кезінде белсенді қатысуға және оң шешім қабылдауға сенім білдіреміз!

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.