ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда мәслихат отырысында «Астана қаласында медициналық қызмет көрсетудің жағдайы мен даму перспективалары» мәселесі қаралады.

Осыған орай бүгін депутат әріптестеріммен бірге:

▫️№8 емханаға,

▫️Манас көшесіндегі көпсалалы медициналық орталыққа және

▫️№2 балалар ауруханасына барып, олардың жұмыс барысымен таныстық.

Ұжымдардың жағдайын көріп, көтерілген мәселелерін тыңдап, қандай қолдау қажет екенін өз көзімізбен бағамдап қайттық.

Бүгін үш нысанда болдық, ал сәрсенбі күні тағы төрт медициналық мекемеге бару жоспарланып отыр. Мақсат тек есеп тыңдау емес, нақты ахуалды орнында көріп, шешімді қажет ететін түйткілдерді алдын ала айқындау.

Барлық жиналған ұсыныстар мен анықталған мәселелер мәслихат отырысында көтеріліп, тиісті шешімдер қабылдау үшін ұсынылатын болады. Қала тұрғындары сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет алуы басты назарымызда.

Біз біргеміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.