АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№ 2 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
2025 жылғы 02 маусымнан 14 шілдеге дейін Астана қаласы әкімдігінің «№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
1) кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру;
2) кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Балалар реанимациясында уақыт тоқтап қалғандай болады, ал әрбір дәрігердің жүрегі екі еселеніп соғады — өзімен бірге кішкентай науқас үшін де.
Балада саусақтың ауыр жарақаты болды және оны аман алып қалу мүмкін емес сияқты көрінді… Бірақ біздің дәрігерлер тобы берілмеді.
Ампутацияның орнына олар ерекше әдісті қолданды: саусақты уақытша ішке тігіп, оның қан айналымын қалпына келтірді және тіндердің өміршеңдігін сақтап қалды. Кейін саусақ өз орнына қайта орнатылады. Мұндай тәсіл ең жоғары деңгейдегі шеберлікті, дәлдікті және төзімділікті қажет етеді.
Бүгінде баланың саусағын сақтап қалуға және болашақта оны қимылдатуға толық мүмкіндік бар. Ал біз үшін — бұл тағы бір себеп өз ісінің шеберлерімен мақтануға!