Ауруханамызға футбол қақпасының құлауынан кейін жақ-бет сүйектері ауыр зақымданған бала жеткізілді.
Бет сүйектерінің көпсандаған майдаланған сынықтары анықталды. Ота 5 сағаттан астам уақытқа созылды. Жақ-бет хирургі мамандар сүйек фрагменттерін қалпына келтіріп, титан пластиналары арқылы бекіту бойынша аса күрделі операция жасады.
Дәрігерлердің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында баланың бет анатомиясын сақтап қалу және өміріне төнген қауіптің алдын алу мүмкін болды.
Спорт және ойын алаңдарындағы құрылғылардың берік бекітілгенін әрдайым тексеріңіздер. Қауіпті жағдай бір сәтте орын алуы мүмкін.
Балаларыңызды қорғаңыздар — қауіпсіздік мұқият назардан басталады.