Сіздерді Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз — бұл жоғары кәсібилік пен адамгершілік үлгісі.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығы, қажымас қайрат пен еңбекте табыс тілейміз!
Комбустиолог-дәрігерлеріміз – еліміздегі аса тапшы әрі өте қажет мамандардың бірі. Сіздер күн сайын күйік шалған балалардың өмірі үшін күресіп, үміт отын жағасыздар. Қиын сәтте – сенімді тірек, ауыр жағдайларда – үміт пен қолдау бола білесіздер.
Қолдарыңыз – алтын, еңбектеріңіз – баға жетпес. Жүректеріңіз – мейірім мен нұрға толы.
Салтанатты іс-шарада өз ісінің нағыз мамандары – әріптестеріміз лайықты марапатқа ие болды.
Сіздер – ең үздіктерісіздер! Сіздер күн сайын кішкентай пациенттеріміздің өмірін сақтап, оларға саулық пен үміт сыйлайсыздар.
Еңбектеріңізге, адалдықтарыңызға және үлкен жүректеріңізге алғыс айтамыз! Мерекелеріңізбен!