2025 жылғы 5 қыркүйекте Астана қаласындағы №2 көпбейінді балалар ауруханасы мен Түркістан қалалық балалар ауруханасы арасында көпсалалы бағытта бірлескен оқу іс-шараларын өткізу туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Аталған меморандум аясында 8–9 қазан күндері Түркістан қалалық балалар ауруханасында тәжірибе алмасу және мастер-класс ұйымдастырылуда.
Іс-шара барысында урология, травматология, хирургия және оториноларингология бағыттары бойынша заманауи, инновациялық хирургиялық әдістер көрсетіліп, медицина мамандары арасында тәжірибе алмасу жүргізілуде.
Мастер-классқа Астана қаласындағы №2 көпбейінді балалар ауруханасының басшысы Күлушева Гүлнар Ережеқызы, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдуалиев Асхан Мархабаевич және басқарма басшысының орынбасары Ділдабеков Жанболат Бердібайұлы қатысты.
Мұндай тәжірибе алмасу медициналық қызмет сапасын арттыруға, мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге және заманауи емдеу әдістерін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.