ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада балалар ортопедиясына арналған халықаралық шеберлік сыныбы өтіп жатыр. ауруханасында Қазақстан, АҚШ, Грузия және Әзербайжаннан келген мамандар күрделі диагнозы бар балаларға хирургиялық көмек көрсетіп, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуда.

Шеберлік сыныбы аясында мамандар күрделі ортопедиялық патологияларды бірге талдап, заманауи хирургиялық әдістерді тәжірибеде көрсетуде. Олардың қатарында жалпақтабандылықты түзетуге арналған HyProCure әдісі де бар.

Шымкенттен келген 6 жастағы Айшаға туа біткен жамбас патологиясына байланысты операция жасалды. Екінші аяғына хирургиялық ем 7–8 айдан кейін жоспарланған. Қазір кішкентай пациент дәрігерлердің бақылауында.

Шеберлік сыныбына еліміздің өңірлерінен де балалар ортопедтері қатысып, шетелдік мамандармен бірге күрделі клиникалық жағдайларды талқылауда.

Мұндай халықаралық тәжірибе алмасу балаларға заманауи ортопедиялық көмекті қолжетімді етуге және өңірлердегі мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.