ЖАҢАЛЫҚТАР

Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО дерегінше, оның 169-ы 18 жасқа толмаған балаларға, соның ішінде 124-і бес жасқа дейінгі балаларға жасалған. Мемлекеттік кепілдіктер аясында осы көмекке 1,81 млрд теңге бөлінді.

Елімізде есту қабілеті бұзылған балаларға диагностикадан бастап емдеу мен оңалтуға дейін кешенді көмек көрсетіледі. Мамандар емдеу тәсілін тексеру нәтижесіне, есту қабілетінің бұзылу түрі мен дәрежесіне қарай таңдайды.

Есту қабілеті қатты төмендеп, кәдімгі есту аппараты жеткілікті көмектеспесе, кохлеарлық имплант орнату ұсынылуы мүмкін.

Операциядан кейін сурдологтар имплантты іске қосып, баптайды және баланың естуін бақылап отырады. Одан әрі сурдопедагогтардың көмегімен бала айналасындағы дыбыстарды ажыратуды, жақындарының дауысын тануды, айтылған сөзді түсінуді және сөйлеуді үйренеді.

Ата-аналарға үйде баламен қалай айналысу керектігі түсіндіріледі. Күнделікті ойын мен қарым-қатынас арқылы бала сабақта үйренгенін бекітеді. Мамандар оның жетістіктерін бақылап, сабақтарды қажеттілігіне қарай бейімдейді.

Көмекке жүгінуді кейінге қалдырмаған жөн. Есту және сөйлеу дағдылары баланың алғашқы жылдарында қарқынды қалыптасады. Егер бала шақырғанда бұрылмаса, таныс дыбыстарға елеңдемесе немесе тілі кеш шықса, есту қабілетін тексерту қажет. Мәселе ерте анықталса, тиісті ем мен оңалтуды уақытында бастауға болады.

  • 01
  • 02
  • 03
Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.