ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін, Халықаралық қарттар күніне орай, Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті.

Аурухананың ардагерлері мен құрметті әріптестеріне арнап музыкалық шығармалар орындалып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.

Олардың әрқайсысының артында — медицина саласына сіңірген көп жылғы еңбегі, мол тәжірибесі және өз ісіне деген адалдығы бар. Аға буынның кәсіби тәжірибесі мен өнегесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым құнды.

Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және әр күндеріңізге қуаныш тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.