ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-де «Парақорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзекті өзгерістер» тақырыбында дәріс өткізілді.

Іс-шараға Кәсіпорынның бөлімше меңгерушілері мен аға медициналық мейіргерлері қатысты.

Медициналық бөлім жөніндегі директордың орынбасары Кожекенов Д.Е. ҚР СТ ISO 37001:2025 талаптарына сәйкес парақорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастырудағы басшылардың рөлін түсіндірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Сүгірбаева Б.М. қатысушыларды заңнамадағы өзекті өзгерістермен, мүдделер қақтығысының алдын алу, заңсыз сыйақыға жол бермеу мәселелерімен және медицина қызметкерлерінің жұмысында туындауы мүмкін практикалық жағдайлармен таныстырды.

Дәріс қорытындысы бойынша қатысушыларға «5 жағдай: қызметкер қалай дұрыс әрекет етуі керек» атты ақпараттық жадынамалар таратылып, материалды бекіту мақсатында тестілеу өткізілді.

Іс-шара қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық пен парақорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.