Бүгін Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен бірге «Отбасы апталығының» салтанатты ашылуына қатыстым!
Отбасы құндылықтарын дәріптеп, қоғамдағы береке-бірлікті нығайтатын бұл маңызды бастаманың басталуы өте әсерлі өтті. Отбасы – қоғамның берік негізі, ал ұрпақтар сабақтастығы мен ата-ана жауапкершілігі әрқайсымызға ортақ жауапкершілік.