Кохлеарлық имплантация бүгінгі таңда оториноларингология саласындағы ең жоғары технологиялық әрі тиімді операциялардың бірі болып табылады.
Біздің клиникада жыл сайын 100-ден астам осындай операция жасалады. Мәселен, 2024 жылы 108 балаға операция жасалса, 2025 жылы – 105 операция орындалды. Ал 2026 жылға 135 операция жоспарланған, оның ішінде бүгінгі таңда 20 операция жасалды. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірлерінен пациенттер жүгінеді.
Кохлеарлық имплантация міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында жүргізіледі. Қаржыландыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады, бұл пациенттердің жоғары технологиялық медициналық көмекті қолжетімді түрде алуына мүмкіндік береді.