Алайда дыбыстарды ажыратып, сөйлеуді түсінуі және тілінің дамуы үшін жүйелі оңалту шаралары қажет. Бұл үдерісте сурдологтың, ата-ананың және баланың бірлескен еңбегі шешуші рөл атқарады.
Операциядан кейінгі оңалтудың маңыздылығы мен негізгі кезеңдері туралы клиниканың сурдолог дәрігері баяндады.
Біздің ауруханада 0–18 жас аралығындағы балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Мамандардың айтуынша, кохлеарлық имплантацияны ерте жаста жасау баланың есту қабілеті мен сөйлеу тілінің тиімді дамуына мүмкіндік береді.
Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда балаларға кохлеарлық имплантация ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін жүргізіледі.