Астанада балалардың терезеден құлау жағдайлары өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мамандар жазатайым оқиғалардың негізгі себептері ретінде балаларды қараусыз қалдыру, ашық терезелерге қолжетімділік және масаға қарсы торларға артық сенім артуды атап өтті. Дәрігерлер ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және балалардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.