ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында шартты төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар пысықталып, қызметкерлердің жедел әрекет ету дайындығы тексерілді. Атап айтқанда, өрт туралы хабар беру тәртібі, өрт дабылы қосылған сәттен бастап пациенттер мен қызметкерлерді эвакуациялау, оларды қауіпсіз аймаққа орналастыру және қоғамдық көлікпен тасымалдау шаралары ұйымдастырылды.

Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқу-жаттығуға қатысып, оның сапалы әрі тиімді өтуіне үлес қосқан барлық қызметтер мен мамандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ, сабырлық танытып, қызметкерлердің нұсқауларын мұқият орындаған кішкентай пациенттеріміз бен олардың ата-аналарына ерекше алғысымызды білдіреміз.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.